Меню KDT

logo.png?_=1675667620


"Айыртау орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Барлық жаңалықтар

    Мектеп формасы

    Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелді.

           "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

          Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілсін.
    2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

          1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

          3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

          4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н.Иманғалиевке жүктелсін.
    2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          Қазақстан Республикасы

     

    Білім және ғылым министрі

    А. Сәрінжіпов

     

    Қазақстан Республикасы
    Білім мен ғылым министрінің
    2016 жылғы 14 қаңтардағы
    № 26 бұйрығымен
    бекітілген

       

     Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
    1. Жалпы ережелер

    1. Осы орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

          Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғым қолданылады: орта білім беру ұйымы – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.

          Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Талаптардың мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және кеңестердің (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) жауапкершілігін арттыру.

          Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орта білім беру ұйымдарының фойесінде, ал таныстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарының Интернет-ресурстарында жарияланады.
    2. Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
    3. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
    4. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
    5. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
    6. Ұлдардың мектеп формасы:

          пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

          Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Қыздардың мектеп формасы:

          Қыздардың мектеп формасы:

          пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

          Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
          10. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
    2. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
    3. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

          Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.04.2016 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі.

          Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.
    2. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
    3. Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.
    4. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданған жөн.

          Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері, мектептің өзін-өзі басқару мүшелері, қамқоршылар кеңесі мен ата-аналар комитеті қатысады және осы Талаптарға сәйкес ұсыныстар енгізеді.

          Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

          Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.

          Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.
    2. Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау
    3. Орта білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрі – Басшы) және кеңес (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы Талаптарды басшылыққа алады.

          Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып алады.

          Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары (бұдан әрі – Басқару органдары) ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Басқару органдарына мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге жол берілмейді.

          Мектеп формасын сатып алғанда, ата-аналар оның өндірушісін таңдауда тәуелсіз.

          Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Басшы ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектеп формасының бекітілуін қамтамасыз етеді.
    2. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
    3. Басшы осы Талаптармен ата-аналарды немесе заңды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда) беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырады.
    4. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайларда шектеу іс-шаралары алынғанға, төтенше жағдай қолданысы, форс-мажор жағдайлары тоқтатылғанға дейін ата-аналар балаларды орта білім беру ұйымдарына киіп бара алатын іскерлік, классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен қамтамасыз етеді.

          Ескерту. 28-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07.2020 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



    © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК


    Об утверждении Требований к обязательной школьной форме для организаций среднего образования

    Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 26. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 февраля 2016 года № 13085.

           В соответствии с подпунктом 39) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

          Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра просвещения РК от 07.08.2023 № 250 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

    1. Утвердить прилагаемые Требования к обязательной школьной форме для организаций среднего образования.
    2. Департаменту дошкольного и среднего образования, информационных технологий (Жонтаева Ж.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

          1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

          2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного введения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

          3) размещение настоящее приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

          4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

    1. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Имангалиева Е.Н.
    2. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

    Министр образования и науки

     

     

    Республики Казахстан

    А. Саринжипов

     

     

    Утверждены
    приказом Министра
    образования и науки
    Республики Казахстан
    14 января 2016 года
    № 26

     Требования к обязательной школьной форме для организаций
    среднего образования
    1. Общие положения

    1. Настоящие Требования к обязательной школьной форме для организаций среднего образования (далее - Требования) разработаны в соответствии с подпунктом 39) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" для обеспечения обучающихся качественной школьной формой.

          Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 07.08.2023 № 250 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

    1. В настоящих Требованиях используется следующее основное понятие: организация среднего образования – организация образования, реализующая общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, специализированные общеобразовательные и специальные учебные программы.

          Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Цель Требований – обеспечение единства подходов организаций среднего образования в применении обязательной школьной формы, формирование позитивного отношения родителей к школьной форме, повышение ответственности руководства учебных заведений и советов (попечительский совет, родительский комитет, школьное самоуправление) в соблюдении светского характера обучения.

          Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Требования к обязательной школьной форме размещаются в фойе организаций среднего образования, а для ознакомления на Интернет-ресурсе организации среднего образования.
    2. Требования к обязательной школьной форме для
      организаций среднего образования
    3. Обязательная школьная форма организаций среднего образования (далее - школьная форма) соответствует светскому характеру обучения. Фасон, цвет школьной формы выдерживаются в классическом стиле, в единой цветовой гамме, с допущением смешения не более трех цветов. Цвет школьной формы выбирается из спокойных и не вызывающих ярких тонов.
    4. Школьная форма вводится с учетом возрастных особенностей обучающихся.
    5. Школьная форма подразделяется на повседневную, парадную и спортивную.
    6. Школьная форма для мальчиков включает:

          пиджак, жилет, брюки, парадную рубашку, повседневную рубашку, либо трикотажную кофту/кардиган на пуговицах или замке, рубашку поло или тенниску (зимний период: трикотажный жилет, водолазку). Брюки для мальчиков свободного кроя и по длине закрывают щиколотки ног.

          Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Школьная форма для девочек включает:

          пиджак, жилет, юбку, брюки, классическую блузку, либо трикотажную кофту/кардиган на пуговицах или замке, рубашку поло или тенниску (зимний период: трикотажный жилет, сарафан, водолазку). Брюки для девочек свободного кроя и по длине закрывают щиколотки ног.

          Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).
          10. Исключен приказом Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Спортивная форма для мальчиков и девочек включает: спортивный костюм (спортивные брюки, футболка), спортивную обувь (кроссовки, кеды).
    2. Исключен приказом Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).
    3. Включение элементов одежды религиозной принадлежности различных конфессий в школьную форму не допускается.

          Сноска. В пункт 13 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не изменяется в соответствии с приказом Министра образования и науки РК от 04.04.2016 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

    1. На школьной форме допускается размещение отличительных знаков (эмблема, нашивка, шеврон и другие) организаций среднего образования.

          Сноска. Пункт 14 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Требования к школьной форме реализуются с учетом климатических условий, места проведения учебных занятий и температурного режима в учебном помещении.
    2. Требования к школьной форме исключают ношение одежды и аксессуаров с травмирующей фурнитурой.
    3. При внедрении школьной формы обращается внимание на состав тканей.
    4. В качестве тканей для школьной формы желательно использовать полушерстяные и хлопковые ткани с улучшенными свойствами, имеющими высокую износостойкость, обладающие антибактериальными, антимикробными и антистатическими свойствами.

          Сноска. Пункт 18 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Родители и иные законные представители детей, члены школьного самоуправления, попечительского совета и родительского комитета участвуют в обсуждении вопросов школьной формы и вносят свои предложения в соответствии с настоящими Требованиями.

          Выбор фасона школьной формы и длины юбки определяется организацией среднего образования и советом (попечительский совет, родительский комитет, школьное самоуправление), утверждается протоколом общешкольного родительского собрания.

          Сноска. Пункт 19 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Введение изменений в школьную форму принимается по согласованию с советом (попечительский совет, родительский комитет, школьное самоуправление).

          Сноска. Пункт 20 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Родители и иные законные представители обеспечивают ношение обучающимися школьной формы, установленной в организации среднего образования.
    2. Исполнение Требований к обязательной школьной форме для
      организаций среднего образования
    3. Руководитель организации среднего образования (далее - Руководитель) и совет (попечительский совет, родительский комитет, школьное самоуправление) при введении обязательной школьной формы руководствуются настоящими Требованиями.

          Сноска. Пункт 22 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Родители и иные законные представители детей приобретают школьную форму через действующую торговую сеть.

          Сноска. Пункт 23 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Органы управления образованием области, города республиканского значения, столицы, района (города областного значения) (далее – Органы управления) рекомендуют родителям приобретение школьной формы у отечественных производителей. Органам управления не допускается оказание предпочтения отдельным производителям школьной формы.

          При приобретении школьной формы родители самостоятельны в выборе ее производителя.

          Сноска. Пункт 24 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

    1. Руководитель обеспечивает утверждение школьной формы до 25 мая учебного года.
    2. Исключен приказом Министра просвещения РК от 30.12.2022 № 534 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).
    3. Руководитель ознакомливает родителей или иных законных представителей с настоящими Требованиями при подаче заявления о приеме (произвольной форме) обучающегося в организацию среднего образования под роспись и на общешкольном родительском собрании.
    4. В случаях осуществления ограничительных мероприятий соответствующими государственными органами, введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, форс-мажорных обстоятельств родители обеспечивают детей удобной одеждой в деловом, классическом стиле, в которой дети могут посещать организации среднего образования до снятия ограничительных мероприятий, прекращения действия чрезвычайного положения, форс-мажорных обстоятельств.

          Сноска. Требования дополнены пунктом 28 в соответствии с приказом Министра образования и науки РК от 13.07.2020 № 296 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).



    © 2012. РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан

    27.05.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки